
Алға аудандық Есет батыр атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде аудандағы бокс спортының негізін қалаушы, бокстан Қазақстан Республикасының төрт дүркін чемпионы, кадеттер арасындағы кеңес одағының чемпионы, бокстан спорт шебері, Алға ауданының Құрметті азаматы, спорт ардагері Александр Иванович Лыпенконың жүлдесіне арналған 2011 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан облыстық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Аталған жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен 11 командадан 80-ге жуық жас боксшы қатысып, өзара мықтыны анықтауда.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев, бокс федерациясының өкілдері А.Куписов пен А.Сексенбаев, сондай-ақ А.И. Лыпенконың шәкірті А.Балмағамбетов, бокстан әлем чемпионы Г.Джафаров және өзге де қонақтар қатысты.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген қонақтар жас спортшыларға сәттілік тілеп, жасөспірім тәрбиесі мен оларды үлкен спортқа бейімдеуде жарыстың маңызы зор екендігін атап өтті