
Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
балалар шығармашылығына арналған аудандық байқау өтетінін хабарлайды.
Алға ауданында балалар арасында «Бала дауысы – 2026» аудандық шығармашылық байқауы ұйымдастырылады.
Байқаудың мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, вокалдық өнерге қызығушылығын арттыру, ұлттық өнерді насихаттау.
Байқау 2 кезеңнен тұрады:
I кезең – 2026 жылдың ақпан–наурыз айларында ауылдық мәдениет үйлерінде іріктеу кезеңі (бекітілген кесте бойынша);
II кезең – сәуір айында аудандық кезең (күні қосымша хабарланады);
1 маусым – Гала-концерт, марапаттау рәсімі.
Байқау бағыттары:
1. Эстрадалық вокал;
2. Дәстүрлі ән, жыр-терме өнері.
(Әр қатысушы бір шығармадан орындайды.)
Қатысушылардың жас ерекшеліктері:
Кіші топ – 5–7 жас;
Орта топ – 7–9 жас;
Жоғарғы топ – 10–13 жас.
Ұйымдастырушылардың талаптары байқау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
📞 Байланыс (WhatsApp): 8 (701) 316 83 07
📧 Электрондық пошта: alga.domkultura@gmail.com