Алға ауданында мемлекеттік рәміздердің қолданылуына қатысты комиссия отырысы өтті

Алға ауданында мемлекеттік рәміздердің қолданылуына қатысты комиссия отырысы өтті

Бүгін Алға ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Б. Кангужиннің төрағалығымен мемлекеттік рәміздердің дұрыс пайдаланылуы мен орналастырылуына қатысты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында ағымдағы жылдың 27–30 қаңтары аралығында қала және ауылдық округтер аумағындағы мекемелерде жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындылары тыңдалып, анықталған кемшіліктер жан-жақты талқыланды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша анықталған олқылықтарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 1 жұмыс күні ішінде жою және мемлекеттік рәміздерді талапқа сай қалыпқа келтіру жөнінде жауапты басшыларға тиісті ескертулер берілді.