
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді жарқын үміт пен игі тілектерге толы Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Өткен жыл ауданымыз үшін бірлік пен ынтымақтың, тынымсыз еңбектің және нақты нәтижелердің жылы болды. Бірлесе атқарылған жұмыстардың арқасында көптеген игі бастамалар жүзеге асып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін берілді.
Жаңа жыл — жаңа мақсаттар мен үлкен мүмкіндіктердің бастауы. Жаңа жылда ауданымыздың әлеуеті артып, ел игілігі жолындағы бастамалар өз жалғасын табады деп сенемін. Әр шаңыраққа береке-бірлік, молшылық пен тыныштық орнасын.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға шаттық пен бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Жаңа жыл әрбір тұрғынға қуаныш сыйлап, жүректерге жылулық ұялатсын!
Жаңа жыл құтты, берекелі болсын!