
Өңір жастарын қолдауға арналған ерекше шара – «Ақберен» жастар сыйлығының марапаттау кеші алғаш рет өтті. Бұл игі бастама облысымыздың жарқын да жігерлі жас буынын бір арнаға тоғыстырды. Шара білім, өнер, спорт, қоғамдық өмір және волонтерлік қызмет салаларында үздік нәтиже көрсеткен жас азаматтарды құрметтеу мақсатында ұйымдастырылды.
«Үздік кәсіпкер» номинациясы бойынша Алға ауданының жас кәсіпкері Батылжан Жеткерген марапатталды.
Бұл марапат – оның табысты еңбегінің ғана емес, сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесінің айғағы.
Батылжан кәсіпкерлік саласына тың серпін беріп, аудан жастарына үлгі боларлық нәтижелер көрсетіп келеді. Ол өз кәсібін дамыта отырып, жас мамандарды жұмыспен қамтуға, қызмет сапасын арттыруға, жаңа технологиялар мен жаңашылдықтарды енгізуге ерекше көңіл бөлуде.
Сонымен қатар, кәсіпкер қоғамдық-әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысып, жастарды қолдау бағытындағы түрлі жобалар мен іс-шараларға тұрақты түрде демеушілік көрсетіп келеді. Жастардың өзін-өзі дамытуына, жаңа идеяларын жүзеге асыруына мүмкіндік беріп, кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуына өз үлесін қосып жүр.