Мемлекеттік қызметшілерге арналған құқықтық және діни сауаттылық бойынша кездесу өтті

Мемлекеттік қызметшілерге арналған құқықтық және діни сауаттылық бойынша кездесу өтті

Аудан әкімінің орынбасары Б. Кангужин, Әдеп жөніндегі уәкіл Р. Омарова және теолог С. Саматовтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге арналған кездесу ұйымдастырылды.

Шара барысында ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің талаптары түсіндіріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар теолог қазіргі қоғамдағы діни сауаттылықтың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар сұрақтар қойып, пікір алмасты. Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға ықпал етті.