Алға ауданында жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық шаралар өтуде

Алға ауданында жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық шаралар өтуде

Алға ауданы аумағында 1–7 желтоқсан аралығында Республикалық «Қауіпті жүргізуші» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шара аясында Алға ауданы полиция бөлімі республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Астрахань» тас жолының 36-шақырымында «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырып, азаматтармен кері байланыс орнатуды және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруды қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктері мен төлқұжаттарды тексеру, көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу, жол қозғалысын ұйымдастыру, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ айыппұлдарды төлеу тәртібі туралы ақпарат беру жүзеге асырылуда.