Ақтөбе облысында «Алға – Тоқмансай» бағытындағы жаңа көпір пайдалануға берілді

Ақтөбе облысында «Алға – Тоқмансай» бағытындағы жаңа көпір пайдалануға берілді

Ақтөбе облысының Алға ауданында «Алға – Тоқмансай» бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолында жаңа көпір ашылды.

Нысан Есет Батыр Көкіұлы ауылында орналасқан. Көпірдің құрылысы 2025 жылдың мамыр айында басталып, белгіленген мерзімде толық аяқталды. Жобаны «Жылу-ХХІ» ЖШС жүзеге асырған.

Бұған дейін бұл аумақтағы ескі көпір көлік қозғалысына, су тасқыны кезінде тұрғындарға қолайсыздық туғызған еді.

Жаңа көпірдің ұзындығы — 39,1 метр, ал ені — 13,6 метр. Сондай-ақ, оған іргелес 331 метр жол жаңартылды.

Мамандардың айтуынша, жаңа нысан көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, ауыл тұрғындарының қатынауын айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің қауіпсіз өтуіне көпірге екі жақты жаяу жүргіншілер жолағы салынған.

Айта кетейік, бұл жоба - аудандық жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі.