
Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиевтің тұрғындармен кездесулері Сарықобда және Үшқұдық ауылдық округтерінде өтті.
Іс-шараларға аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында аудан басшысы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын атап өтті.
Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты — халықтың өзекті мәселелерін дер кезінде анықтап, олардың шешу жолдарын бірлесе талқылау және жергілікті деңгейде тиімді шаралар қабылдау болып табылады.