Алға ауданында Республика күніне орай салтанатты шара өтті

Алға ауданында Республика күніне орай салтанатты шара өтті

Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев қатысып, аудан тұрғындарын ұлттық мерекемен құттықтады.

Шара барысында еліміздің тәуелсіздік жолындағы жетістіктері мен қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың маңыздылығы атап өтілді.

Салтанатты жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды.

Сонымен қатар, Мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Патриоттық рухтағы әндер мен би қойылымдары мерекенің сәні мен мәнін арттырды.