АЛҒА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ А.С. ШҮЙІНШӘЛИЕВТІҢ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН 25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

АЛҒА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ А.С. ШҮЙІНШӘЛИЕВТІҢ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН 25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн еліміздің тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.
1990 жылы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация Қазақстанның тәуелсіздікке бағытталған шешуші қадамы болды. Бұл тарихи құжат халқымыздың еркіндікке ұмтылысы мен мемлекетіміздің іргетасын қалады.

Республика күні – ел бірлігінің, тәуелсіздіктің және тұғырлы мемлекеттіліктің символы.
Бүгінде еліміз Ел Президентінің бастамасымен тұрақты дамып, жаңа биіктерге жетіп келеді. Бұл жетістіктердің барлығы – халқымыздың ауызбіршілігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Құрметті жерлестер!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасы амандығын, еңбектеріңізге табыс және еліміздің өркендеуі жолындағы істеріңізге сәттілік тілеймін!
Отанымыздың абыройы асқақ, болашағымыз жарқын болсын!

Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығы құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
Асланбек ШҮЙІНШӘЛИЕВ
Алға ауданының әкімі