Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Республика күнімен құттықтауы

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Республика күнімен құттықтауы

Құрметті ақтөбеліктер!
Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Ұлт мерейін асырып, ел бірлігін айшықтайтын мәртебелі мереке — Республика күнімен, сондай-ақ Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Республика күні – бұл мемлекеттік дәстүріміздің, демократиялық құндылықтарымыздың, елдігіміздің бастауы» деп атап өткен болатын. Расындада, Республика күні – ел тағдырына жауапкершілікпен қараған ұлттың ұлы таңдау жасаған күні! Республика күні — әрбір қазақстандықтың жүрегін қуаныш пен мақтаныш сезіміне бөлейтін,туған жер мен Отанға деген сүйіспеншілікті арттыратын маңызды мереке. Бүгінде қарияларымыздан бастап, бүлдіршіндерге дейін «Менің Қазақстаным!» деп асқақ үнмен, зор мақтанышпен айта алады. Бүгінгі ұрпақ – осы егемендік пен бейбіт өмірдің жемісін көріп отырған бақытты буын. Бүгін олардың қатарында Отан тағдырына бейжай қарамай, еңбегімен, білім-білігімен,азаматтық ұстанымымен өңіріміздің дамуына зор үлес қосып жүрген бірқатар жерлесіміз Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалармен марапатталады.

Құрметті жерлестер!
Сіздерге Тәуелсіз Қазақстанның гүлдену жолында толайым табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін!
Баршаңыздың шаңырағыңызға құт-береке, мол ырыс орнасын, денсаулықтарыңыз зор, бастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Еліміздің егемендігі мәңгі баянды болсын!