Алға ауданында төтенше жағдайлар қызметкерлері марапатталды

Алға ауданында төтенше жағдайлар қызметкерлері марапатталды

Кәсіби мерекеге орай Алға ауданында төтенше жағдайлар қызметінің бірқатар қызметкерлері салтанатты түрде марапатталды.

Іс-шараға аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев қатысып, өз өмірлерін қатерге тіге отырып, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп жүрген өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға алғысын білдірді.

– Құтқарушы мамандығы – батылдық пен жанқиярлықтың белгісі. Сіздер адамдардың өмірі мен мүлкін қорғап, ең қиын әрі қауіпті сәттерде әрқашан алдыңғы шепте боласыздар. Бұл – зор жауапкершілік пен үлкен ерліктің үлгісі,

– деді аудан басшысы.

Шара барысында қызметтік міндетін адал атқарғаны және кәсіби біліктілігімен көзге түскені үшін бірқатар қызметкерлерге Алғыс хаттар табысталды.

Мұндай марапаттар – төтенше жағдайлар қызметкерлерінің еңбегіне көрсетілген құрмет қана емес, сонымен қатар болашақ ұрпаққа үлгі боларлық оқиға.