Ауданымызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы кең көлемде талқыланды.
Жиын барысында Жолдауда айтылған негізгі бастамалар мен стратегиялық бағыттар жан-жақты талданып, оларды ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкестендіре жүзеге асыру жолдары қарастырылды.
Аудан әкімінің орынбасарлары Б.Кангужин мен С.Муканов Жолдауда көтерілген мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Отырыста аудан әкімі Асланбек Шуиншалиев Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді орындау үшін аудан деңгейінде нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажеттігін атап өтті.
Отырыс соңында сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалу мерзімдері бекітілді.