Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай аудан әкімдігінің ғимаратында салтанатты жиын өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай аудан әкімдігінің ғимаратында салтанатты жиын өтті

Жиында еліміздің басты құндылықтары – Тәуелсіздік, бірлік пен келісім, заң үстемдігі жайлы айтылып, ауданның дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі атап өтілді.

Алға ауданының өркендеуіне қосқан айрықша еңбегі үшін Ахмет Аманжол «Алға ауданының Құрметті азаматы» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін адал атқарып, қоғам өміріне белсене араласқан бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.

Бұл марапаттар – еңбектің еленуі, ел дамуына үлес қосқан жандарға деген құрметтің белгісі.