Спорт күні аясында Алға қаласында мерекелік көңіл-күйде таңғы жаттығу ұйымдастырылды. Шара орталық саябақ алаңында өтіп, оған әр жастағы тұрғындар – мектеп оқушылары, студенттер, спортшылар мен зейнеткерлер қатысты.
200-ден астам алғалық спорт сүйер қауым бір уақытта жаттығу жасап, салауатты өмір салтын дәріптеді. Мұндай шаралар халықты бұқаралық спортқа тартуға, белсенді өмір салтын қалыптастыруға және жастардың қызығушылығын арттыруға бағытталған.