Алға сахнасында – “Гүлдерай” бишілері

Алға сахнасында – “Гүлдерай” бишілері

Алға аудандық мәдениет үйінің «Гүлдерай» би ансамблі (жетекшісі – Қыдырбай Гүлайым Өтемісқызы) аудан тұрғындарына әсерлі де мазмұнды өнер кешін тарту етті.

Кеш барысында мың бұрала билеген өнерпаздар ұлттық және заманауи билерді тамаша үйлестіріп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жиналған жұртшылықтың ыстық ықыласы мен шынайы қошеметі – жас өнерпаздардың еңбегіне берілген жоғары баға болды.

Осындай шаралар жас буынның шығармашылық әлеуетін дамытып, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, сонымен қатар ауданымыздың мәдени өмірін жандандыруға зор үлес қосуда.

Өнерпаздарымызға шабыт пен шабыстың серігі болып, биік белестерді бағындыруды тілейміз!