19 тамыздан бастап медицина саласы бойынша бөлінетін грант конкурсына құжат қабылданады

19 тамыздан бастап медицина саласы бойынша бөлінетін грант конкурсына құжат қабылданады

Бүгін облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында медицина саласы бойынша қажет мамандарды даярлауға жергілікті бюджеттен 50 орын бөлінетіні анықталды.

Грант конкурсына құжаттарды сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің  қабылдау комиссиясы (Ақтөбе қаласы Маресьев көшесі №68, бас корпус, 1 қабат) қабылдайды.

Құжаттарды қабылдау («Бакалавриат» және «Резидентура» білім беру бағдарламасы бойынша) 19-21 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Бакалавриатқа түсетіндер үшін:

  1. жергілікті атқару органдарының оқу гранты конкурсына қатысу үшін өтініш (жоғары білім);
  2. жеке куәлік;
  3. ҰБТ сертификаты;
  4. 3х4 көлеміндегі фото;
  5. орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;

Резидентураға түсушілер үшін:

  1. Жергілікті атқару органдарының оқу гранты конкурсына қатысу туралы өтініш (жоғары оқу орнынан кейінгі білім);
  2. Дәрігер біліктілігі берілгендігі туралы диплом және дипломның қазақ, орыс және ағылшынтіліндегі қосымшалары (түп нұсқасы, көшірме); Шетелде медициналық білім алғанадамдар өздерінің білімін таныту және (немесе) "дәрігер"біліктілігін беру туралы құжаттыұсынады;
  3. Интернатураны бітіргені туралы куәлік (түпнұсқа және көшірмесі);
  4. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының көшірмесі (болған жағдайда);
  5. Жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме);
  6. Еңбек кітапшасы, еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  7. 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
  8. 075-У нысанындағы медициналық анықтаманы (хирургиялық бейіндер үшін қосымша вирусты гепатиттердің В,С және АИТВ зерттеулерінің қортындысы, эпид. анемнез туралы анықтамалар талап етіледі);  
  9. Деканның қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталған интернатурадағы қорытынды аттестаттаудың 1-кезеңінің нәтижесі («Ұлттық тәуелсіз сараптама орталығы» РҚБ өткізген тестілеу);  
  10. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық (IELTS, TOEFL) сертификаты бар тұлғаларға (нотариалды куәландырған, бар болса ғана).

Байланыс телефондары:

8 (7132) 54-34-45

+7 775 472 23 10