Алға ауданы Тоқмансай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, кәсіподақ мүшесі Ескельдина Диана Виталиевна Ақтөбе қаласында өткен ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мәнерлеп оқу байқауында өнерін жоғары деңгейде көрсетті.
Сөз құдіретін шынайы сезініп, көркем тілмен жеткізе білген ұстаздың таланты мен еңбегі әділ қазылар тарапынан жоғары бағаланып, Ақтөбе облысы әкімінің арнайы марапатына ие болды.
Бұл — ұстаздың ерен еңбегі, өнерге және ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі.
Ұлағатты ұстазға шығармашылық жолда жаңа белестер мен толайым табыстар тілейміз!