Алға ауданында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары өтті

Алға ауданында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары өтті

Алға ауданы Жастар ресурстық орталығының мамандары ауыл тұрғындары арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында мамандар арнайы дайындалған бүктеме қағаздарын таратып, нашақорлықтың зияны мен оның салдары жайлы кеңінен түсіндірді.

Сонымен қатар, егер мұндай жағдайлар орын алса, орталықтың жанынан психолог мамандар мен арнайы қызметкерлердің көмегіне жүгінуге болатыны, олардың тұрғындармен жеке жұмыс жасап, қолдау көрсете алатыны айтылды. Мұндай шаралар жастардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етіп, қауіпті әдеттерден бойын аулақ ұстауға бағытталған.