Қоғамдық кеңес мүшелері Алға ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралады

Қоғамдық кеңес мүшелері Алға ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралады

Алға ауданына жұмыс сапарымен Ақтөбе облыстық қоғамдық кеңес мүшелері Н. Жалғасбаев, И. Бітім және Б. Майлышов келді. Сапар барысында делегация Бестамақ ауылындағы балабақшада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен, орталық аудандық ауруханамен, белсенді өмір сүру орталығы, жаңа салынып жатқан спорт кешенімен, сондай-ақ Мансап орталығының қызметімен танысты.

Кеңес мүшелері нысандардағы құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінде аяқталуына ерекше назар аударып, бұл бағыттағы жұмыстар қоғамдық кеңестің тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.

Сапар қорытындысында қоғамдық қабылдау өткізіліп, азаматтардың жеке мәселелері тыңдалды.