Аудан әкімінің орынбасары С.Мұқановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының бюджетті жоспарлау және қаржыландыру саласындағы заңнамалық өзгерістер бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға Ақтөбе облысы бойынша Алға аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы А.Танирбергенов, ауданның қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің мамандары, бөлім, ауылдық округтердің әкімдік қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының есепшілері қатысты.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар таныстырылып, практикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тақырыптық мәселелер бойынша нақты мысалдар келтіріліп, жаңа талаптарды тиімді іске асыру жолдары талқыланды.