Аудан әкімі балалар ойын алаңы мен воркаут алаңының құрылысымен танысты

Аудан әкімі балалар ойын алаңы мен воркаут алаңының құрылысымен танысты

Алға қаласындағы 4-шағын ауданның №7 және №8 тұрғын үйлері аумағында салынып жатқан балалар ойын алаңы мен воркаут алаңының құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.

Құрылыс жұмыстары аясында балалар мен жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған жаңа үлгідегі футбол мен волейбол, ойын және воркаут алаңдарын қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Аудан әкімі мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарын сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Нысанды шілде айының соңына дейін қолданысқа қосу жоспарланып отыр.