Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірге жұмыс сапарымен келген сенатор Бауыржан Қаниев, ҚР Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаева, Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішевпен кездесті. Басқосуға сондай-ақ облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, Amanat партиясының облыстық филиалының төрағасы - облыстық мәслихат депутаты Ербол Данағұлов қатысты.
Жиын барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен қатар, Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер де талқыланды.
Әкім өңірдегі негізгі жобалар мен экономикалық көрсеткіштерге тоқталып, инвестициялық ахуалды жақсарту, шағын және орта бизнесті қолдау бағытындағы жұмыстар жайында мәлімет берді. Өз кезегінде депутаттар жаңа Салық кодексіне ұсынылған түзетулер туралы баяндап, олардың бизнеске, ауыл шаруашылығына және қарапайым салық төлеушілерге әсерін түсіндірді.
Кездесу соңында халық қалаулылары аймақтың өзекті мәселелерін Парламент деңгейінде көтеруге дайын екендіктерін білдірді.