Алға ауданына қарасты Бесқоспа ауылдық округінде ауылішілік көпірдің күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Алға ауданына қарасты Бесқоспа ауылдық округінде ауылішілік көпірдің күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Көпір көп жылдан бері пайдаланылып, әбден тозған. Әсіресе, көктемгі су тасқыны кезінде алып мұздар ағын сумен ауыл ішіне кіріп, көпірдің бұзылу қаупін тудырған еді.

Осы және жергілікті тұрғындар үшін көлік қатынасы мен жаяу жүріп-тұруға қолайлы жағдай туғызу мақсатында, жаңа көпір салу қолға алынды.

Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Құрылыстар толық аяқталған соң, ауыл тұрғындарының қауіпсіз әрі ыңғайлы қатынауына мүмкіндік туады.

Қауіпсіз жол – тұрғындарға жайлы өмір!