Талдысай ауылына апарар жолға асфальт төселіп жатыр

Талдысай ауылына апарар жолға асфальт төселіп жатыр

Тамды ауылдық округіне қарасты Талдысай ауылына баратын 7 шақырымдық жолда асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жол – ауыл тұрғындары үшін негізгі қатынас бағыты. Жайдақ жолдың бүгінгі күнге дейін жөндеу көрмеуіне байланысты, көлік қозғалысына қиындық тудырып, жол азабын тарттырған болатын.

Қазіргі таңда, жол құрылысы кезең-кезеңімен атқарылуда. Жоба аясында:
- жол табанын нығайту,
- су өткізу жүйелерін орнату,
- асфальт төсеу,
- жол жиегін тегістеу және қауіпсіздік белгілерін орнату жұмыстары қарастырылған.

Жол құрылысы аяқталған соң, ауыл мен аудан орталығы арасындағы байланыс жақсарып, жолаушылар мен көлік қозғалысы үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы жағдай жасалатын болады.

Мұндай инфрақұрылымдық жобалар – ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретіні сөзсіз.