Алға қаласына кіреберіс және Тамды бағытына бастайтын жол бойындағы көше жарығы толықтай іске қосылды

Алға қаласына кіреберіс және Тамды бағытына бастайтын жол бойындағы көше жарығы толықтай іске қосылды

Алға қаласының кіреберіс бөлігінде және Тамды ауылына бағытталған автожол бойында көше жарығын орнату және пайдалануға беру жұмыстары толық аяқталды. Барлық жарық шамдары жүйеге қосылып, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Аталған жобаның іске асырылуы түнгі уақытта жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ қалалық аумақтың көркейтілуіне өз үлесін қосады.

Бұған дейін осы аумақта жер астымен жүргізілген электр сымдарында жиі ақаулар туындап, жарық шамдарының тұрақты жануына кедергі келтіретін. Бұл жағдай тұрғындар мен жүргізушілерге ыңғайсыздық тудырып келген болатын.

Қазіргі таңда, аталған мәселе түбегейлі шешімін тауып, көше жарықтары толық қалпына келтірілді. Енді бұл бағытта түнгі мезгілде қозғалыс анағұрлым қауіпсіз әрі жайлы болмақ.

Жаңартылған жарықтандыру жүйесі көлік қатынасының тиімділігін арттырып қана қоймай, қала келбетін де айшықтай түсті.