Алға қаласының био тазарту құрылыстарының өздігінен ағатын кәріз және ВЛ-6кВ жоғары вольтты электр беру желісін қайта жаңарту - 93 700,0 мың теңге;
Алға қаласының сумен жабдықтау объектілерінің резервуарларын салу және ВЛ-35кВ жоғары вольтты электр беру желісін (Тамды су тоғаны) қайта жаңарту- 427 946,0 мың теңге;
Алға қаласында бассейні бар дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің құрылысы - 1 199 425,3 мың теңге;
Бестамақ ауылындағы Есет батыр мемориалдық кешеніндегі қонақтарға арналған үйді қайта жаңғырту - 199 855,0 мың теңге;
Алға қаласының №1 тұрғын массиві көшелерінің автомобиль жолдарының (Көкорай, Серуен, Қырмызы, Жігер) құрылысы- 72 653,0 мың теңге;
Аудандық маңызы бар “Алға-Қарабұлақ” автомобиль жолының 36 шақырымында орналасқан көпірді қайта жаңарту- 133 124,0 мың теңге;
Есет батыр ауылының көпірін қайта жаңғырту - 491 239,0 мың теңге;
Алға қаласының №1 тұрғын массиві көшелерінің автомобиль жолдарының (Жалын, Керемет, Шалғын, Қанағат) құрылысына - 100 000,0 мың теңге;
Алға қаласының №1 тұрғын массиві көшелерінің автомобиль жолдарының (Сүмбіле, Кереге, Лашын, Бозой) құрылысына - 100 000,0 мың теңге;
“Бизнестің жол картасы-2025” бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға:
Қарағаш а/о «Бесата» ШҚ электрмен жабдықтау - 34 139,0 мың теңге;
“Ауыл-Ел бесігі” жобасы аясында Маржанбұлақ ауылында бассейні бар дене шынықтыру, сауықтыру кешенінің құрылысына - 533 874,4 мың теңге.