Алға қаласында жаңа теміржол вокзалының құрылысы басталды

Алға қаласында жаңа теміржол вокзалының құрылысы басталды

Қазіргі таңда қолданыстағы вокзал ғимаратының тозығы жетіп, ұзақ жылдар бойы ешқандай күрделі жөндеу жүргізілмеген.

Алға теміржол вокзалы 1935 жылы салынған. 90 жылдық тарихы бар ғимарат бүгінде тозығы жетіп, апаттық күйге енген.

Аталған жағдай жолаушыларға қолайлы жағдай жасауды қиындатты. Осыған байланысты жаңа, заманауи талаптарға сай теміржол вокзалын салу туралы шешім қабылданды.

Жаңа нысан жолаушыларға ыңғайлы қызмет көрсетуге арналған инфрақұрылыммен, күту залдарымен, билет кассаларымен және қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі.

Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, жоба өз уақытымен аяқталады деп жоспарланып отыр.