Ақтөбе облысында 2025 жылы үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу көлемі 512 960 гектарды құрайды. Оның ішінде 368 356 гектар — жер үсті тәсілімен, ал 144 604 гектар — әуе арқылы өңделуі жоспарланған.
Бүгінгі күнге дейін облыс аумағында 423,6 мың гектар алқап немесе жоспардың 82,6%-ы химиялық өңдеуден өтті. Бұл жұмыстар Ақтөбе қаласы мен барлық аудан аумақтарында бір мезгілде жүргізілуде.
Өңдеу шараларына 70 бірлік жер үсті желдеткіш бүріккіштер, 8 аэрозолдық генератор және 6 дана АН-2 ұшағы тартылған. Сонымен қатар, шегіртке ошақтарын уақтылы анықтау мақсатында мониторингтік іс-шараларға 832 маман жұмылдырылып отыр.
Облыс бойынша саяқ шегірткелерге қарсы өңдеу болжамы — 87,9 мың гектар. Қазіргі таңда зияндылықтың экономикалық шегінен асқан 80,3 мың гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары толық жүргізілді. Қоныстанған жаңа ошақтарды анықтау және залалсыздандыру шаралары жалғасуда. Шегірткелерге қарсы күрес жұмыстары күнделікті бақылауда ұсталып, тиісті шаралар жоспарға сәйкес ұйымдастырылуда.