
Кездесу барысында тұрғындар өзекті мәселелерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Ақсазды ауылы бойынша тұрғындар ауданаралық жол мәселесін көтерді. Атап айтқанда, жолды тегістеу, ауылға кіреберістегі көпірдің жағдайын ретке келтіру қажеттігін алға тартты.
Жерұйық ауылы бойынша тұрғындар газдандыру мәселесін көтерді. Ауылға газ тарту жұмыстарының не себепті кешуілдеп жатқанын және газдың нақты қосылатын мерзімін сұрады.
Үшқұдық ауылы бойынша тұрғындар ауыз су мәселесіне тоқталды. Кешкі уақытта ауыз су қысымының төмендегі туралы шағымдар айтылды.
Сонымен қатар, жер мәселесіне қатысты сұрақтар қозғалды.
Аудан әкімі көтерілген барлық мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, әр мәселе жеке бақылауға алынатынын жеткізді.