
Қазіргі таңда кәсіпкер 6 мыңнан астам бөдене құсын бағып, тәулігіне 4 мың дана жұмыртқаны облыс орталығындағы сауда орындарына жеткізуде. Бұл - жергілікті "Жөкей" өнімінің көлемін арттырумен қатар, өңірдегі шағын кәсіпкерліктің дамуына да өз үлесін қосып отырған маңызды бағыттардың бірі.
Алдағы уақытта бөдене құстарының санын 15 мыңға дейін көбейту жоспарланған. Сонымен қатар, кәсіпкер ет бағытындағы тауық балапандарын өсіру ісін де қолға алған.
Аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, құс шаруашылығын кеңейтуге қатысты ұсыныс-пікірлерін айтып, қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.