Алға–Бестамақ бағытындағы жолда асфальт жабындысының екінші қабаты төселуде.

Алға–Бестамақ бағытындағы жолда асфальт жабындысының екінші қабаты төселуде.

Алға–Бестамақ бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолында жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі уақытта асфальт жабындысының екінші қабатын төсеу жұмыстары жүріп жатыр.

Тиісті құрылыс-монтаж жұмыстарын «Сине-Мидас-Строй» ЖШС мердігер мекемесі атқаруда. Жалпы ұзындығы 7 шақырымды құрайтын бұл жолдың екінші қабатын төсеу жұмыстары 2025 жылғы маусым айының алғашқы он күндігінде толық аяқталады деп жоспарлануда.

Аталған жол учаскесінің жаңартылуы – Алға, Бестамақ және Ақтөбе арасындағы көлік қатынасын жақсартып, тұрғындар мен жүргізушілер үшін қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.