Алға–Қарабұлақ бағытындағы көпірдің құрылысы жалғасуда.

Алға–Қарабұлақ бағытындағы көпірдің құрылысы жалғасуда.

Алға–Қарабұлақ бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолының 36 шақырымында жаңа көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарын «АссанаДорСтрой» ЖШС жүзеге асыруда.

Жоба 2025 жылдың шілде айында аяқталады деп жоспарланған.

Көпір пайдалануға берілген соң, Алға мен Қарабұлақ ауылдарының арасындағы көлік қатынасы жеңілдеп, жолаушылар мен жүк тасымалына кететін уақыт қысқарады.

Сонымен қатар, жол қауіпсіздігі артып, тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсер етеді.