Алға ауданында жастармен маңызды кездесу өтті.

Алға ауданында жастармен маңызды кездесу өтті.

Алға ауданы әкімінің орынбасары Б.Кангужин және “Алға ауданы әкімінің аппараты” ММ кадр (персоналды басқару) бөлімінің басшысы А.Шабенова мемлекеттік қызмет, білім және денсаулық сақтау салаларында еңбек етіп жүрген жастармен кездесті.

Кездесу барысында жастарға Президенттік кадр резерві туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Б.Кангужин мемлекеттік қызметтегі мүмкіндіктер мен талаптарға тоқталып, жас мамандарды ел дамуына белсенді атсалысуға шақырды. А.Шабенова кадр саясаты мен резервке іріктеу тәртібі туралы нақты мәліметтер беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Мұндай кездесулер жастардың кәсіби дамуына серпін беріп, мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.