Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 351 «2026-2028 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алға аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 351 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Алға аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мына көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 6 805 764,5 мың теңге:

салықтық түсімдер – 3 052 473 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 41 705 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 10 050 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі - 3 701 536,5 мың теңге;

2) шығындар – 6 737 510,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 382 874 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 638 539 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 255 665 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -314 620,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 314 620,2 мың теңге;

қарыздар түсімі – 638 539 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 866 034,3 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 542 115,5 мың теңге.»;

көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

Шешім
Дата публикации
18 июня 2026