23 сәуір Ұлттық кітап күні.Бұл жаңа мәдени мереке – кітап оқудың маңыздылығын арттырып, әдебиетке деген қызығушылықты қалыптастыруды көздейтін маңызды бастама.Жаңа мерекені енгізу туралы бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.
Үкіметтің «Ұлттық кітап күнін» белгілеу туралы қаулысы 2024 жылғы 16 шілдеде күшіне енген.
Президент Тоқаев кітап оқудың интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталып келеді. Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзінде ол;«Тек кітап оқитын ұлт қана зияткерлік деңгейі жоғары қоғамға айналады. Жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыруымыз қажет. Әлеуметтік желілер заманында бұл оңай емес екенін білемін. Бірақ бұл мәселені шетке ысыруға болмайды.Бұдан басқа жол жоқ», – деп мәлімдеген.Үшқұдық ауылы кітапханасында төл мерекеміз атап өтіліп,үздік оқырмандар анықталған болатын