«Дипломмен ауылға!» бағдарламасының мүмкіндіктері зор

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасының мүмкіндіктері зор

Президентіміз өз Жолдауында «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі» екенін атап өтті.

Қазіргі таңда елімізде жастарға арналған бағдарламалар өте көп. Солардың бірі – ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға арналған «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы. Бағдарламаның келесідей мүмкіндіктері бар: 
Біріншіден, тұрғын үй сатып алу үшін аудан орталығында 9 млн.теңге, ал басқа ауылдық округтерде 7 млн.теңге көлемінде жеңілдетілген бюджеттік несие беріледі. Несиенің сыйақы мөлшері – 0,01 % және 15 жылға дейін.
Екіншіден, ауылға барған маман үшін қайтарымсыз 369 мың теңге жәрдемақы тағайындалады.