4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Үшқұдық ауылдық мәдениет үйінде «Мемлекеттік рәмізге құрмет – елге құрмет» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Үшқұдық ауылдық мәдениет үйінде «Мемлекеттік рәмізге құрмет – елге құрмет» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздердің маңызын насихаттау, жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру болды. Шара барысында қатысушылар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихы мен мән-мағынасы туралы мағлұмат алып, олардың ел бірлігі мен тәуелсіздігінің символы екендігі жөнінде ой бөлісті.

Сонымен қатар, «Патриотизм дауысы» акциясы ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары мен жастар өздерінің туған жерге, елге деген ыстық ықыластары мен жүрекжарды тілектерін білдірді. Қатысушылар мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әр азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті.