
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Үшқұдық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында балаларға арналған концерттік бағдарлама ұсынылып, әндер шырқалып, билер орындалды. Сондай-ақ қызықты ойындар мен байқаулар өткізіліп, балалар көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, олардың бақытты балалық шағын насихаттау және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мерекеге қатысқан балалар мен ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.