
2025 жылы Үшқұдық ауылдық округінде денсаулық сақтау саласы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда диспансерлік есепте 186 адам тіркелген. Аталған азаматтар қажетті медициналық бақылаумен қамтылып, тегін дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, күндізгі ем қабылдау процесі тұрақты түрде жүргізілуде.
Вакцинация жұмыстары жоспарға сәйкес орындалды. Екпе алудан бас тартқан балалар саны – 43.
Медициналық мекемеде 1 бас дәрігер, 4 медбике, 1 кіші қызметкер және 1 жүргізуші қызмет атқарады. Медициналық қызметкерлер халыққа сапалы қызмет көрсету бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде.
Үшқұдық ауылдық округінің демографиялық көрсеткіші бойынша халықтың 91%-ы Үшқұдық ауылында, 9%-ы Жерұйық ауылында тұрады. Ақсазды ауылында тұрғындар тіркелмеген.
2025 жылғы туу көрсеткіші бойынша 29 ұл және 3 қыз бала дүниеге келді.
Алдағы уақытта да ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау және медициналық қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.