
Жиын барысында ауыл тұрғындарымен бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, мал жайылымын реттеу, бақташы мәселесін шешу, сондай-ақ ауыл аумағында екі айлық сенбілікті ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Тұрғындар тарапынан ұсыныстар айтылып, пікір алмасу жүргізілді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алдағы уақытта нақты жұмыстар атқару жоспарланды.