
Осы айтулы күнге орай Оразбаевтар әулетінде тағылымы мол, өнегелі кездесу ұйымдастырылды. Шаңырағы биік, бірлігі бекем бұл әулет көпшілікке үлгі боларлықтай отбасылық дәстүрлерді сақтап, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп келеді.
Іс-шара барысында отбасы құндылықтарының маңызы, ата-анаға құрмет, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу сынды асыл қасиеттер кеңінен әңгіме арқауына айналды. Әулет үлкендері өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас буынға бағыт-бағдар берді.
Кеш барысында әсем ән шырқалып, ұлттық билер биленіп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Осындай рухани кездесулер ұлттың мәдени мұрасын сақтауға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға зор үлес қосады.
Шаңырақ – тек үйдің ғана емес, тұтас елдің бірлігінің белгісі. Сондықтан әрбір отбасының татулығы мен берекесі – қоғам тұрақтылығының кепілі.
Баршаңызды Шаңырақ күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ынтымақ пен бірлік тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DV-b1SbDFgH/?igsh=MTM3M2RhZzIybWUwYQ==
https://www.facebook.com/share/r/18Y4Hsh5wt/?mibextid=wwXIfr