
Зейнетақы бірнеше құрамдас бөліктен қалыптасады, ал жинақтаушы бөлік бүгінгі күні маңызды рөл атқарады. Болашақтағы төлемдердің мөлшері зейнетақы жарналарының тұрақтылығына тікелей байланысты. Қандай жарна түрі бар? МЗЖ – қызметкердің жалақысынан 10%. МКЗЖ – зиянды және қауіпті өндірістердегі қызметкерлер үшін 5% (жұмыс беруші есебінен). ЖМЗЖ – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (2026 жылы –3,5%, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5%-ға дейін өседі). Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін арнайы салық режимдері аясында жеке шарттар қарастырылған. Неге бұл маңызды? • Тұрақты жарналар еңбек өтілін растайды • Жарналардың мөлшері мен тұрақтылығы болашақ төлемдер көлеміне тікелей әсер етеді • Ерікті жарна зейтенақы мөлшерін ұлғайтып, 50 жастан бастап төлем алуға мүмкіндік береді Жеке зейнетақы шотыңызды бақылап, жарналардың уақытылы төленуін қадағалап отыруға кеңес береміз.