Ағымдағы жылдың қаңтар айының 10 жұлдызында «ТАБЫС» базарында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, табысты өтті

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 10 жұлдызында «ТАБЫС» базарында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, табысты өтті

Жәрмеңкеге Үшқұдық ауылдық округінің жергілікті тауар өндірушілері қатысып, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді бағамен ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды.

Атап айтқанда, жәрмеңкеге жаңа сауылған сүт, қаймақ, май, сүзбе секілді сүт өнімдері, сондай-ақ сиыр және қой еттері жеткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – халықты табиғи әрі сапалы өнімдермен қамтамасыз ету, жергілікті өндірушілерді қолдау және нарықтағы бағаны тұрақтандыру болды.

Жәрмеңке қала тұрғындары тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, сатушылар мен сатып алушылар үшін тиімді әрі пайдалы алаңға айналды.