
Ауылда қатты бораннан кейін автомобиль жолдарын тазалау жұмыстары жүргізілді.
Қауіпсіз әрі кедергісіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында арнайы қар тазалау техникасы жұмылдырылды. Жұмыстар жедел түрде атқарылып, негізгі көшелер мен кіреберіс жолдарға ерекше көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта жолдар арқылы қатынау қамтамасыз етілді.