Үшқұдық спорт кешенінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай оқушылар арасында үстел теннисінен жарыс өткізілді.

Үшқұдық спорт кешенінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай оқушылар арасында үстел теннисінен жарыс өткізілді.

Жарысқа қатысқан оқушылар жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетіп, өзара тартысты бәсекеге түсті. Нәтижесінде үздік спортшылар анықталып, жеңімпаздар грамота және медальдармен марапатталды.

Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Ізбасар Ясир
🥈 ІІ орын – Айсултан Мансур
🥉 ІІІ орын – Жетес Әбілмансур

Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Спорттағы жетістіктері арта берсін!