Үшқұдық ауылында халықтың әл-ауқатын жақсарту, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына негізсіз сауда үстемесін болдырмау мақсатында мониторингтік жұмыстар жүргізілді.

Бұл шара ауыл тұрғындарының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, күнделікті тұтынатын негізгі азық-түлік бағасының қолжетімді болуын бақылау бағытында қолға алынды. Мониторинг барысында ауыл дүкендеріндегі негізгі азық-түлік өнімдерінің (ұн, нан, қант, күнбағыс майы, сүт, күріш, тұз, макарон, жұмыртқа және т.б.) бағалары тексеріліп, олардың белгіленген шекті сауда үстемесіне сәйкестігі сарапталды.

Бақылау нәтижесінде бірқатар сауда орындарында белгіленген талаптардың сақталғаны анықталды. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, баға тұрақтылығын сақтау бойынша ұсыныстар мен ескертулер берілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады. Себебі халықтың әлеуметтік жағдайы – әрқашан басты назарда. Тұрғындардың күнделікті тұтынатын тауарларға әділ әрі қолжетімді бағада қол жеткізуі – жергілікті биліктің басты мақсаты болып қала бермек.