Үшқұдық ауылдық округінде сенбілік жұмыстары жалғасуда

Үшқұдық ауылдық округінде сенбілік жұмыстары жалғасуда

Күзгі табиғаттың самалы сезілген сәтте Үшқұдық ауылдық округінде бірлік пен ұйымшылдықты паш еткен игі іс – сенбілік өткізілді. Ауыл тазалығын сақтау, қоршаған ортаны күту мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға Үшқұдық ауылдық округінің әкімшілігі, Үшқұдық мәдениет үйі, Жерұйық негізгі мектебі және Ақсазды ауыл тұрғындары бір кісідей атсалысты.

Сенбілік аясында ауыл көшелері тазартылып, күл-қоқыс жиналды, көгал аумақтар ретке келтірілді. Тұрғындар өз қолымен ағаш түптерін әктеп, табиғатқа деген жанашырлықтарын танытты. Мектеп оқушылары мен ұстаздар да бұл игі іске өз үлестерін қосып, айналамыздың көркейіп, ажарлануына атсалысты.

Сенбілік – тек тазалық жұмысы ғана емес, бұл – ауызбіршілік пен ортақ жауапкершіліктің көрінісі. Табиғатты аялап, туған жерге жанашыр болу – әр азаматтың борышы.

Мұндай шаралар ауылымыздың сән-салтанатын арттырып қана қоймай, жас ұрпақтың бойына еңбекқорлық пен экологиялық мәдениетті сіңіреді.

Барша атсалысқан азаматтарға алғыс білдіре отырып, тазалықты сақтау – әр күннің игі ісі екенін ұмытпайық дегіміз келеді!