Тазалық – денсаулық кепілі. Осы ұстанымды алға тарта отырып, Үшқұдық ауылдық округінде сенбілік жұмыстары өз жалғасын табуда. Ауыл аумағын абаттандыру, көркейту және көгалдандыру мақсатындағы бұл шараға округтегі бірқатар мекеме ұжымдары белсене атсалысты.
Атап айтқанда, Үшқұдық әкімшілігі, Үшқұдық мәдениет үйі, Үшқұдық амбулаториясы, Үшқұдық орта мектебі мен Жерұйық негізгі мектебінің қызметкерлері тазалық жұмыстарын ұйымдасқан түрде жүргізіп, ауыл келбетінің ажарлана түсуіне өз үлестерін қосты.
Ұжымдар жол жиегін қоқыстан тазалап, ағаштарды әктеп, гүлзарлар мен қоғамдық орындарды ретке келтірді. Бұл игі бастама ауыл тұрғындарына үлгі болып, қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттыра түсті.
Мұндай ортақ істер ауылдың көркеюіне жол ашып, тұрғындар арасында бірлік пен ынтымақты нығайта түсетіні сөзсіз. Сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.